206
Оралда ер адам үш метрлік кәріз құдығына түсіп кетті
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты
Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған.
1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты.
Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, деп қосты баспасөз қызметі.