Психолог әйелдердің қолына доллар ұстатып, талдырып жатыр

Психолог бұл терапиясына «сананы ақшаға дайындау» деп атау беріпті

Психолог әйелдердің қолына доллар ұстатып, талдырып жатыр
фото: видеодан скриншот
252

Қазақстан психологтары мен психотерапевтер одағының ресми өкілі Әйгерім Ақмырза ақша психологиясы бойынша терапиялар өткізіп, терапиясына келген әйелдердің сан түрлі видеосын жариялап жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай терапияларының біріне бұрын-соңды қолына көп ақша ұстап көрмеген әйел келген көрінеді. Психолог бұл терапиясына «сананы ақшаға дайындау» деп атау беріпті. Міне, сол терапиясының видеосына түскен әйел қолына бірнеше доллар купюра ұстағаны сол екен дірілдеп, талып түсіп, лоқсиды.

Жұртшылық курстағы әрекетке түрлі пікір жазған.

«Мынау не эмоция енді, өтірік ойнап тұр, ақша ұстағаннан кім бұлай құлайды?». Үндістанға киноға түсуге баруы керек. Мынандай ақшаға талып жатыр, чемодан ақша көрсе не істейді. Актерлық шеберлігі бар біреуді алсаңдаршы. Көрерменді аяңдар. Психологтар адамды жынды қылды. Тағы не ойлап тапты екен бұлар», — деп жазған желідегі оқырмандар.

Серіктес жаңалықтары