208
Мас күйде аялдаманың терезесін сындырған ер адам ұсталды
Келтірілген залал көлемі – 150 мың теңге
Орал қаласында 43 жастағы ер адам жылы аялдаманың терезесін сындырған, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам С.Тюленин аялдамасында осындай әрекетке мас күйінде барған. Учаскелік полиция инспекторлары қолға түсірген кезде ер адам мас күйінде болған. Келтірілген залал көлемі – 150 мың теңге.
"Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам 500-ден 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - делінген хабарламада.