«Өмір сүргім келмейді»: «Маскадағы жігіт» жалғызбасты анаға тосын сый жасады (ВИДЕО)

Қайырымдылықпен айналысатын белгісіз жігіт тағы бір мұқтаж адамды қуантты.

«Өмір сүргім келмейді»: «Маскадағы жігіт» жалғызбасты анаға тосын сый жасады (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz
722

Бұл жолы жүзін жасырған жақсылық жасаушы үш баласы бар жалғыз басты такси жүргізушісіне баспана сыйлады, деп жазды turkystan.kz.

Сондай-ақ жалғызбасты әйелдің сырқат үшінші баласын емдеуге, көлігінің несиесін төлеуге көмектесті.

«Мен жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Кіші ұлыма дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қазір жасы 8-де. Оңалту курстарына, массажға тасимын. Бір жағынан баламмен бірге таксиге шығамын. Машинаны 7 жылға несиеге алғанмын. Өйткені біз қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Ол жаққа жедел жәрдем өте ұзақ жүріп келеді. Шынымды айтсам, бұлай такси болып жүргім келмейді. Бұл жұмыс тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр. Шаршадым, қазір тіпті не істерімді білмеймін. Өмір сүргім келмейді десем де болады», - дейді жанарына жас алған ана.

Жүргізуші әйелдің мұң-мұқтажын тыңдағаннан кейін «Маскадағы жігіт» оған мол қаржы мен баспананың кілтін табыс етті. Мұндай тосын сыйды күтпеген әйел ерекше қуанышқа бөленді.

 

Серіктес жаңалықтары