Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Таиландтың Чианг Май қаласындағы Азия біріншілігінде Қазақстан ерлер құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Olympic.kz
139

Бүгін, 29 қарашада Таиландтағы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Таиландтың Чианг Май қаласындағы Азия біріншілігінде Қазақстан ерлер құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:

  • 48 кг. Санжар Тәшкенбай (бірінші айналымда бос)
  • 51 кг. Сәкен Бибосынов (бірінші айналымда бос)
  • 54 кг. Махмұд Сабырхан – Лай Ян Лин (Тайпэй)
  • 57 кг. Оразбек Асылқұлов – Мохаммад Зулхайлан (Малайзия)
  • 60 кг. Бейбарыс Жексен – Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)
  • 63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Марк Фажардо (Филиппин)
  • 67 кг. Дулат Бекбауов – Чуан Ван (Тайпэй)
  • 71 кг. Абылайхан Жүсіпов (бірінші айналымда бос)
  • 75 кг. Диас Молжігітов –Сунага Дайго (Жапония)
  • 80 кг. Ерасыл Жақпеков – Анвар Насрединов (Камбоджа)
  • 86 кг. Бекзат Нұрдәулетов – Данило Жасан (Украина)
  • 92 кг. Сағындық Тоғамбай – Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан)
  • +92 кг. Айбек Оралбай – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Серіктес жаңалықтары