Қос арыстың толық академиялық жинағы жарық көрді

Қос арыстың толық академиялық жинағы жарық көрді
334

2024 жылғы 28 қарашада, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабайұлының мұрасына арналған «Алаш мұраты – түркі бірлігі» атты маңызды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инсти­ту­тының дайындауымен және Түркі Ака­демиясының қолдауымен жарияланған Ах­мет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұ­ма­байұлының көптомдық академиялық шы­ғармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Жиында Түркі Академиясының пре­зиденті Шаһин Мұстафаев, Әдебиет жә­не өнер институты бас директорының орынбасары Эльмира Омарова, мем­ле­кет және қоғам қайраткері Әділ Ах­ме­тов, Парламент Сенатының депутаты Дар­хан Қыдырәлі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің про­фес­соры Серік Негимов және мемлекет қай­раткері Сауытбек Әбдірахманов сөз сөйледі. Сонымен қатар шараға дип­ло­ма­тиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, ғалымдар, қоғам қайрат­кер­лері және депутаттар қатысты.
Эльмира Омарова Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инсти­ту­тының директоры Кенжехан Матыжа­нов­тың атынан Түркі Академиясының пре­зидентіне алғыс хат табыстап, көп­том­дық жинақтарды әзірлеудегі тығыз ын­тымақтастық үшін, сондай-ақ түркі әле­мінің ұлы тұлғаларының мәдени мұ­ра­сын зерттеуге қосқан үлесі үшін ри­зашылығын білдірді.
Өз сөзінде Шаһин Мұстафаев Ахмет Бай­­тұрсынұлы мен Мағжан Жұма­бай­ұлы­ның түркі әлемі үшін тарихи әрі мә­­­­дени маңызына тоқталды.

– Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл бі­лімінің негізін қалаушы және әліпби ре­форматоры ретінде түркі ғылымының да­муына баға жетпес үлес қосты. Оның ор­тақ түркі терминологиясы мен әдеби тіл­ді қалыптастыру туралы идеялары бү­гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ал Мағ­жан Жұмабайұлы өзінің шығар­ма­шы­лығымен ұлттық сананы оятып, түр­кі әлемінің бірлігін дәріптеген ұлы тұл­ға болды. Оның «Алыстағы бауыры­ма» сияқты өлеңдері бауырлас халықтар ын­тымағының жарқын үлгісі болып та­былады, – деді Түркі Академиясының бас­шысы.

Сонымен қатар Шаһин Мұстафаев Алаш қайраткерлері көрегендікпен сен­ген Түркістан идеясының тәуелсіз түркі мем­лекеттерінің интеграциясы дәуі­рін­де де өз маңызын сақтап отырғанын атап өтті. Ол биыл қыркүйек айында қа­был­дан­ған Ортақ түркі әліпбиін Ахмет Бай­тұрсынұлы мен түркі әлемінің басқа да ұлы ағартушыларының асыл мұрат­тары­ның орындалуы ретінде бағалап, Түркі Академиясының мұндай маңызды бастамаға үлес қосқанын үлкен мәртебе санайтынын жеткізді.
Шара барысында Түркі Академия­сы­ның түркі әлемінің ұлы тұлғаларының мұ­расын зерттеуге және насихаттауға бағытталған іргелі жобалары да таныс­ты­рылды. Академияның «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы түркі ағарту­шы­лығы: зиялылардың өмірі мен идея­лары» жобасы аясында ұлттың өркен­деуі­не қызмет еткен ойшылдардың өмір­баяндары мен идеялары жинақталу­да. Келер жылы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай оның таңдаулы ең­бектерін түрік оқырмандарына ұсыну жос­парда бар.

Серіктес жаңалықтары