Рудныйда полиция телефон жөндеу және сатып алу арқылы қылмыс жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ұялы телефондарды жөндеп және сатып алып, кейін иелерінің банк қосымшаларынан ақша ұрлаған.
«Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам телефондарды диагностика және техникалық қызмет көрсету үшін қабылдап, кейін банк қосымшаларына заңсыз кіру арқылы қаржыны өз есепшоттарына аударып отырған», – деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменті.
Күдікті қосымшаларға кіру үшін қарапайым парольдерді — туған күн, есім сияқты иелерінің жеке деректерін пайдаланған.
«Қазіргі уақытта күдіктінің үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Жалпы келтірілген залал сомасы бір миллион теңгеден асады», – деді ведомство өкілдері.
Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қосымша фактілер мен жәбірленушілер анықталуда.