Жапония ғалымдары газдалған судың пайдасын анықтады

/
Жапония ғалымдары газдалған судың пайдасын анықтады
cурет: istockphoto.com

Жапон ғалымдары газдалған судың ағзадағы зат алмасуға оң әсерін тигізетінін анықтады. Зерттеу нәтижелері BMJ Nutrition, Prevention & Health журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кюсю университетінің мамандарының айтуынша, газдалған судың құрамындағы көмірқышқыл газы (CO₂)ағзаға түскеннен кейін ішінара қанға сіңеді. Сол жерде ол бикарбонатқа айналып, қанның химиялық құрамына әсер етеді – атап айтқанда, эритроциттердің (қызыл қан түйіршіктерінің) ішіндегі қышқылдық деңгейін (pH) сәл арттырады.

Бұл өзгеріс гликолиз деп аталатын табиғи процесті белсенді ете түседі, яғни, жасушалар қантты (глюкозаны) тезірек өңдеп, энергияға айналдыра бастайды.

Зерттеу барысында ғалымдар газдалған судың әсерін гемодиализ кезінде байқалатын физиологиялық өзгерістермен салыстырды. Гемодиализ кезінде де көмірқышқыл газы қанмен әрекеттесіп, жасушалардағы энергия алмасуды күшейтеді.

Қатысушылардың қанындағы қант деңгейі аздап төмендеген. Алайда ғалымдар бұл әсердің аз ғана және уақытшаекенін атап өтті. Газдалған су арықтауға көмектеспейді, бірақ жеңіл тойыну сезімін тудырып, глюкоза деңгейін қысқа уақытқа төмендетуі мүмкін.

Мамандардың пікірінше, бұл нәтиже зат алмасу бұзылыстарының алдын алу бағытында маңызды болуы мүмкін. Көмірқышқыл газының ағзадағы рөлі бұрын тек асқазанға әсер етумен шектелсе, енді ол қан құрамындағы энергетикалық процестерге де қатысы бар екені дәлелденіп отыр.

Ғалымдар бұл механизмді одан әрі зерттеу қажет екенін айтады, себебі газдалған судың метаболизмге әсері қант диабеті мен семіздік профилактикасы тұрғысынан болашақта пайдалы болуы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары