2881
«Тіл табыса алмадық»: Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кетті
Бұл жайында ол әлеуметтік желіде айтқан.
Белгілі актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
"4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", – деді Әсел Сәдуақасова.
Айта кетейік, актриса өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді азаматқа 2023 жылы тұрмысқа шыққан еді.