Астанада заңсыз салынған үйлерге 6 мыңнан астам үлескер ақша салған

Прокуратура үлескерлердің құқығын қорғады.

Астанада заңсыз салынған үйлерге 6 мыңнан астам үлескер ақша салған
istockphoto.com
Автор
Админ
241

Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешендері анықталды. Ол объектілерге 6 мыңнан астам адам ақша салған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күні бүгін құрылыс компанияларына қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 12 адам қамауға алынған.

Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден асатын, құрылысы аяқталмаған объектілерді тәркілеу туралы 8 талап-арызды қанағаттандырған.

Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Одан бөлек рұқсат құжатынсыз үлескерлерден ақша тарту арқылы салынған «Qurmangazy» тұрғын үй кешені демонтаждалды.

 

Серіктес жаңалықтары