Волонтерлер қарттарға көмектесті

Волонтерлер қарттарға көмектесті
98

Елордада қар түсіп, көптеген жеке сектор тұрғындары, әсіресе жалғыз тұратын зейнеткерлер қиындықтарға тап болуда. Қарт кісілер үшін қар күреу физикалық тұрғыдан қиын және өте қауіпті, көп жағдайда жарақат алуға әкеп соғады. 

Осыған орай, «Таза Қазақстан» рес­пуб­ли­калық экологиялық акциясы ая­­­­сында Аст­ана қаласы әкімдігінің «Ас­та­на жастары» жас­тар ресурстық ор­талығының» волон­тер­лері зейнет­кер­­лердің үйлерінің жеке аула­сы­ның қа­рын күреп, олардың көмірін тү­сіру­ге көмектесті. 
Аталмыш іс-шара өскелең ұр­пақ­тың қа­рым-қатынас, өзара көмек және ұжымдық жұ­мыс дағдыларын қалып­тас­тыруына сеп­тігін тигізеді. Осы сын­ды шаралар тұлғаның үй­лесімді да­муы мен әлеуметтік бірлікті ны­ғай­туы үшін өте маңызды. Жастарды осын­­дай игі істерге тарту ізгі қоғам қа­лып­тас­тырады.
– Мен – «Жастар ресурстық орта­лы­ғы­ның» во­лонтерімін. Бұл біз қатысқан ал­ғашқы ак­ция емес. «Таза Қазақстан» ак­циясы жас­тар­дың қызығушылығын кеңінен қамтыды. Бұл тек таза кө­ше­лер мен саябақтар жайында емес, со­ны­мен қатар таза ниеттер мен игі іс­тер туралы екенін түсінуіміз керек. Мем­­­ле­кет басшысы волонтерлік қыз­­­­­меттің баға жет­пес үлесі туралы бір­не­ше рет айтқан. Біз­дің жігіттер әрқашан бірін­ші болып іске кі­­ріседі және қажет бол­ған жағдайда кө­мек­ке асығады. Елор­даның жас тұрғын­дары мүм­кін­дігінше біздің ерікті­ле­ріміздің үлгісін ұс­та­нып, осы акцияға қо­сылғанын қа­лай­мын, – дейді Дэвид Шари­пов. 
Волонтерлер мұндай іс-шаралар өс­келең ұр­пақтың қарым-қатынас, өза­ра көмек және ұжым­дық жұмыс дағ­дыларын қалып­тас­тыру­ға көмек­те­седі дейді. Бұл тұлғаның үй­ле­сімді дамуы мен әлеуметтік бірлікті ны­ғайту үшін өте маңызды. Жастарды осын­дай игі істерге тарту өркендеуге жол ашып, тұ­­рақты әрі достық қоғам қалып­тас­тыру­ға ықпал ететіні даусыз.
– Қыс енді ғана басталды, қар да аз жау­­ған жоқ. Қарды тазалауға өзімнің ша­­мам жоқ. Жастар өте уақытылы кө­мек­­тесті. Осы ба­лалар болмаса, жалғыз өзім не істер едім. Осын­дай балаларды тәр­биелеген ата-анала­ры­на алғысым шек­сіз. Қар күреуге көмек­те­се­тіндерін айт­­қан кезде қатты қуандық. Мұн­дай кө­­лемде қар жауғанда қақпаны ашу қиын болады, бұрынғыдай күш-қуа­ты­мыз жоқ. Уақыт бөліп, бар кү­шін са­лып, кө­мектесіп жатқан бала­лар­ға үлкен рақмет. Бұл – біз үшін үлкен кө­мек, – деді Байқоңыр ауда­нының тұр­ғы­ны.
Айта кетейік, «Астана жастары» бел­­­­сен­ді­лері тәулік бойы қаланың қа­рын күрейтін ком­муналдық қызмет ма­мандарына да кө­мек­тесіп жүр. Елор­да үшін маңызды жұмыс ке­зінде ерік­ті­лер тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату акцияларын өткізеді. 
– «Таза Қазақстан» республикалық ак­­ция­сы еліміздің барлық аймағында жалға­сын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге ай­налды. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақ­тап, экологиялық мәдениетті қалып­тас­тыру. Осы орайда біз, «Астана жастары» во­лон­терлері, мұқ­таж қарияларға қол ұшын соз­дық. Қар күреп, көмірі мен отынын та­­сып бер­дік. Жыл бойы біз қоршаған ор­­та­ны жақсартуға бағытталған әр­түр­лі іс-ша­ра­ға қатысамыз: ағаш егіп, өзен­дер­ді та­зар­тамыз, оған қоса бас­қа да эко­логиялық жо­балармен ай­на­лы­самыз, – деді волонтер Әнел Низи­ке­нова. 
– «Таза Қазақстан» республикалық ак­­ция­сы қыс бойы, әр апта сайын жал­ғасын та­ба­ды. Бүкіл қазақ­стан­дық­ты азамат­тар­ды, қала, аудан тұрғын­да­рын осындай іс-шараға қатысуға ша­қыра­мыз, – деді «Аста­на жастары» Во­лон­терлер қозғалысын да­мы­ту бөлі­мі­нің маманы Айзат Әли.

А.Бимендиева

Серіктес жаңалықтары