Ақтөбеде екі баланы тонаған 16 жастағы студенттер ұсталды

/
Ақтөбеде екі баланы тонаған 16 жастағы студенттер ұсталды
Фото: Ақтөбе обл. ПД

Ақтөбе қаласында екі баланы тонады деген күдікпен 16 жастағы студенттер ұсталды. Күдіктілер жәбірленушілерге күш көрсету арқылы қорқытып, ұялы телефондары мен күртелерін тартып алған.

Тергеу-тексеру кезінде оқиға 1 қараша түні қаладағы саябақтардың бірінде болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында оларды көп ұзамай ұстаған. Күдіктілердің Ақтөбе қаласының 16 жастағы тұрғындары екені анықталды. Екеуі де жергілікті колледждерде білім алады.

Олар кінәсін мойындаған. 

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады Полиция департаменті.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес, тонау дерегі бойынша кінәлі деп танылғандарға мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары