«Ешкімді атып тастаған жоқпын»: Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

Мақпал Жүнісова өзіне жасалған ақпараттық шабуыл жайлы айтты.

«Ешкімді атып тастаған жоқпын»: Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
сурет ашық дереккөзден алынды
647

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Дина Төлепбергеннің «Din Dina show» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мақпал Жүнісова соңғы кезде өзі көп жағымсыз ақпараттың тарағанын айтты. Әнші бұл жағдайға байланысты өзінің жеке пікірін білдірді.

«Кешірім сұрауға ешкімнің басын жарған жоқпын, ешкімді атып тастаған жоқпын. Өздеріңіз ушықтырып алдыңыздар, журналистер. Бүкіл шет мемлекеттегі таныстарым хабарласып жатыр. Мен ондайға үйренгенмін. Осы жағдайдан кейін талай жерге барып ән айтып келдім. Халық бір ауыз жаман сөз айтпады. Құшақтап, сүйіп жатты. Сондықтан хейтерлерге де бір мереке жасап тұру керек», – деп әзілдеді Мақпал Жүнісова.

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова желіге ауырып тұрып, видео жарияласа да «ішіп алған» деп кінәлайтындарға ренішін білдірдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары