«Жүрегім ауырады»: Айгүл Иманбаева анасы жайлы сырын бөлісті

Айгүл Иманбаева анасы жайлы сыр ақтарды.

«Жүрегім ауырады»: Айгүл Иманбаева анасы жайлы сырын бөлісті
сурет ашық дереккөзден алынды
382

Танымал актриса Айгүл Иманбаева желі қолданушыларына анасына деген махаббаты жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде актриса анасы жайлы жазба қалдырды. Актриса Айгүл Иманбаева анасын кішкентайынан кезінен «тәтем» деп атайды екен.

«Менің анашым – тәтем.  Ана туралы әңгіме болғанда, жүрегі елжіремей сөйлей алатын жан жоқ шығар! Менің анашым (тәтем деп атаймын). Кішкентайымыздан анашымның бауыры –інісі,(біздің нағашы ағамыз)бізге солай айтыңдар – « Ол менің тәтем» – деп үйреткен соң солай атаймыз).Тәтем өте еңбекқор, шыншыл,мінезі тік,тазалыққа тастай, өзі өмір бойы есепші(финансист) болып өкіметте жұмыс жасаған, көзі ашық, көкірегі ояу,өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары,кезінде адуынды айел болды. Үйде үш баламыз,үшеуімізге де екі жоғары оқуды оқытып,алдымызға мақсат қоюды үйреткен де – менің анашым – тәтем.Талай жетістігіммен қуанттым. Жастықпен талай ренжіттім де. Ал қазір жасы ұлғайған сайын тәтем  көз алдымда кішкентай балаға айналып барады. Жүрегім ауырады. Қолымнан келгенше көбірек қуантуға ,еш ренжітпеуге тырысамын.Барынша батасын алып, мүмкіндігінше көбірек қасында болуға тырысамын. Тәтем менің – мотиваторым! Биік қорғаным! Тағынатын тұмарым! Тірелетін тірегім! Достар! Аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер,ауыр сөз айтпаңыздар,ақыл да айтпаңыздар,батасын көбірек алып,көбірек қуантыңыздар. Оларға зәулім сарайда,байлықта керек емес – тек жылы сөзің, мейірімің ғана керек. Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып жағдайын сұраңыз. Ертең жағдайын сұрайтын анаң болмай қалса кімге еркелейсің? Дауысына зар боларсың. Әрқайсымыздың анамыз – ең жақсы адам», – деді Айгүл Иманбаева.

Серіктес жаңалықтары