Шақырғанда келмеген өрт сөндірушілер 12 млн теңге өтемақы төлейтін болды

Өрт сөндірушілер қоңырауға мән бермеген.

Шақырғанда келмеген өрт сөндірушілер 12 млн теңге өтемақы төлейтін болды
istockphoto.com
Автор
Админ
199

2023 жылдың мамыр айында сағат 17:30 шамасында Алматы облысы, Елтай ауылының тұрғыны өрт сөндіру бөліміне телефон соғып, үйіне жақын аумақта кепкен шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлаған.

Өрт орнына әкімдік өкілі жетіп, жергілікті тұрғындармен бірге қолдан жасалған құралдармен өртті сөндіруге әрекеттенген.

Өрт сөндіру қызметі өртті сөндіруге тек 22.40-та, өрт талап қоюшының үйі өртене бастағанда бір-ақ келген.

Салдарынан тұрғын үй өртеніп, ауыл тұрғынына 11,9 млн теңге материалдық шығын келтірілген.

Осыған байланысты Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының және Өрт сөндіру қызметінің өрт кезіндегі әрекетсіздігін заңсыз деп тану және осыған байланысты келтірілген материалдық шығынды өтеуді талап етіп сотқа жүгінген.

МАӘС-ы Өрт сөндіру қызметінің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, келтірілген материалдық шығынды 11,9 миллион теңгені өтеуге міндеттеді.

Өрт сөндіру қызметі бұл шешімге шағым түсірді.

Алматы облыстық соты іс материалдарын зерделей келе, бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды және негізді деген қорытындыға келді.

Іс бойынша үкім өзгеріссіз қалдырылды.

 

Серіктес жаңалықтары