«Инстаграм үшін жасап жатыр»: Блогер Дархан Жолшыбеков тұңғышымен алғашқы кездесуі туралы айтты

Блогер Дархан Жолшыбеков тұңғыш қызымен кездесудің қалай өткенін баяндады.

«Инстаграм үшін жасап жатыр»: Блогер Дархан Жолшыбеков тұңғышымен алғашқы кездесуі туралы айтты
видеодан алынған скрин
272

Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесудің қалай өткенін айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер бұл туралы Taboo бағдарламасында сөз қозғады.

«Қызыммен кездеспей тұрып әуелі анасымен кездестік. Баласыз бәрін асықпай отырып, шешіп алайық дедік. Ал кездесуге қызым Айша әпкесімен келді. Мен бәрін шын жүректен жасадым. Бірақ әпкесі: «Бізден саған не керек?» деп ашық сұрады. Сол сұрағы сүйегімнен өтіп кетті. Инстаграм үшін жасап жатыр деп ойлаған сияқты. Халық шулап жатқанда мен де қатты қиналдым», - деді Дархан Жолшыбеков.

Ол алғашында тіпті Айшаны өз қызы деп мойындамағанын айтты.

«Алғашында қызым екенін мойындаған жоқпын. Жағдайды қабылдай алмадым. Ол кезде Еуропаға кетейін деп жүргем, соның тірліктерімен жүгіріп жүрдім. ДНҚ-ны да жай тапсыра салдым. Бірақ 100 пайыз менің биологиялық қызым болып шықты. Содан кейін барып өзімнің не бүлдіргенімді білдім», - деп мойындады блогер.

Жақында некесіз туған қызына көлік пен пәтер әперген блогер мұны мақтан үшін немесе әлеуметтік желі үшін істемегенін де мәлімдеді.

«Қызыма көлік сыйлап, баспана алып бергенім үшін мақтанбаймын. Болашақта да көмектесіп тұрамын. Ең алғаш кездескенде өзіме қатты ұқсаттым. Айша нағашы атасын «Папа» дейді екен. Мен сұрағанда «Папа емессің» деді. Қазір бәрі жақсы. Мені қабылдамайды деген қорқыныш болған еді», - деді ол.

Еске салайық, қазақстандық блогер некесіз туған қызына көлік пен пәтер әпергені туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары