Еліміздің бірқатар өңірінде көлік қозғалысы шектеледі

Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады

Еліміздің бірқатар өңірінде көлік қозғалысы шектеледі
istockphoto.com
217

ҚазАвтоЖол компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 9 қарашасы, сағат 20:00-ден бастап бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелетінін хабарлады.

Ақмола облысы:

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы, км 16-200 (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы, км 200-254 (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Ақмола облысы:

«РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолы, км 1292-1353 (Жібек Жолы төлем алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

«РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолы, км 1353-1426 (Ақмола облысынан Теміртау төлем алу пунктіне дейін);

«РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолы, км 1426-1446 (Теміртау төлем алу пунктінен Теміртау қаласына дейін).

Серіктес жаңалықтары