«Кезінде жап-жас едік»: Роза Әлқожа желі қолданушыларына абысындары жайлы айтып берді

Өнер иесі абысындарымен бірге түскен фотоны желіде жариялаған.

«Кезінде жап-жас едік»: Роза Әлқожа желі қолданушыларына абысындары жайлы айтып берді
Сурет Р. Әлқожаның парақшасынан алынды
280

Белгілі әнші Роза Әлқожа ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынастары жайлы жазды. Ол, әсіресе, абысындардың татулығы туралы сөз қозғаған, деп хабарлады turkystan.kz.

«Кезінде жап-жас едік. Қазір есейдік. Біз бірінші үйленіп алған соң да мен ене боп отырмын. Абысыным кеш түсті, әрі жасы да кіші. Үлкен үйге барғанда келіндер өздері бәрін істейді. Үлкен атам марқұм маған “абысындарың сенен кейін түседі, келіншек деп атасаң болады” деген. Аллаға шүкір, татумыз, біргеміз. Баласы бойынша қайын сіңілімнің ұлы жетіліп келеді екен. “Келесі кезек сенікі” деп қалжыңдап жатырмыз. Алла жақсылықтан, қуаныш көруден шаршатсын», – деп жазды Роза Әлқожа.

Айта кетейік, әнші Роза Әлқожа бұған дейін ұлына қатысты ел білмейтін құпияны айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары