«Әріп танымайды»: Роза Әлқожа ұлына қатысты ел білмейтін құпияны айтты

Белгілі әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында 15 жастағы ұлына қатысты шындықты айтты.

«Әріп танымайды»: Роза Әлқожа ұлына қатысты ел білмейтін құпияны айтты
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
530

Әншінің айтуынша ұлы тұйық болып өскен.

"Сары күзде сары алтынның туған күні! Кеше ғана бөпе болып еркелеп жүрген жігіт бүгін 15 ке толды! Үлкен жігіт болды! Анасы ылғи алыста, бір жерде жүргендіктен кішкентай кезінде тұйық болып өсті. Оқуда үлгерімі ойландырды. Бұл жағынан бізге Астана, 56-лицей, Эльмира Қабышқызы көп көмектесті. Осында бір мұғалім “балаңыз 42 әріпті танымайды, ақыл-есі кем балалардың мектебіне ауыстырыңыз” деген. Бір-ақ күнде көшіп кеткенбіз. Эльмира апайы екі-ақ күнде түгел әріп танытты. Екі жылда төртпен оқитын оқушыға айналды. Астанадан қимай қайтқанымыз да содан. Қазір бұл жігіт бірінші сыныпта шығып кеткен мектебінде, 9-сыныпта оқиды. Күмәнданғандар, кекеткендер айта берсін, бұл жігіт әлі әлемді мойындатады! Мен құлыныма сенемін! Ақылына, пайымына сенемін! Жабы көрініп, тұлпар шығатын жүйріктер болушы еді ғой?! Бұл соның өзі!", - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары