472
Фильмнің қалай аяқталатынын жариялап келген: Жапонияда 3 ер адам қамауға алынды
Жапонияда фильмдер мен анимеге спойлер жасағаны үшін үш ер адам қамауға алынды. Олар өз сайтында кадрлармен бірге фильмдердің қалай аяқталатынын жариялап отырған.
Олар осы арқылы 12 компанияға миллиондаған шығын келтіретінін білмеген. Енді бұл жайтты оларға сот түсіндіріп жатыр.
Зиян келген жобалардың қатарында «Годзилла: -1», «Әмірші 3», «Волейбол! Қоқыс алаңындағы шайқас» сияқты туындылар бар.