307
Оралда жол апатынан 63 жастағы әйел адам көз жұмды
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді
Орал қаласында жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы әйел көз жұмды.
Kazinform мәліметінше, Оралда жол апатынан зардап шеккен бес адамның біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскен. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне себеп болды. Патологоанатомиялық зерттеу жасалатын болады.
«Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда», – деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.