340
Жас гимнасшылар байқауы
Елордада 31 қазан мен 2 қараша аралығында көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтеді. Бұл жарыс – талантты гимнасшыларымыздың өнерін паш етіп, шеберліктерін сынайтын маңызды шара. Чемпионатқа еліміздің үздік спортшылары қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсету үшін жарысқа түседі.
Елорда төрінде көркем гимнастикадан өтіп жатқан ашық чемпионатқа 320 гимнасшы қатысуда. Ең кішкентай қатысушының жасы – 9-да.
Чемпионаттың басты мақсаты – 2025 жылғы халықаралық бәсекелерге қатысатын үздік гимнасшыларды іріктеу. Аталған жарысқа еліміздің барлық аймағынан спортшылар келіп қатысып жатыр.
Астана қаласының аға бапкері Әсел Мұстафинаның айтуынша, алдағы Қазақстан чемпионаты ақпан айында жастар арасында өтеді, арнайы құрам жасақталады.
Жарыста 2015 жылға дейінгі спорт шеберлігіне үміткер, сондай-ақ түрлі разряды бар гимнасшылар сынға түсуде. Чемпионат көркем гимнастиканың дамуына үлкен үлес қосып, жас спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.