341
Филиппинде дауылдан 81 адам көз жұмды
Мерт болғандар бұдан да көп болуы мүмкін
Филиппинде "Трами" дауылынан көз жұмғандар саны 81 адамға жетті. Тағы 34 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
"Көптеген аймақ оқшауланып қалды, оларға жету қиын. Сондықтан мерт болғандар көп болуы мүмкін", – деп ескертті ел президенті.
Құтқару ісіне полиция мен өрт сөндірушілер де тартылған. 1 күннің ішінде жауын-шашынның 2 айлық мөлшері түсті. Дауыл соққан аймақтарда 4 миллион 200 мыңнан астам адам тұрады. Жарты миллион тұрғын басқа аудандарға көшті, 6400 адам уақытша паналау орталықтарына орналасты.
"Бұл ел тарихындағы ең жойқын тропикалық дауыл болды. Бірнеше қала зардап шекті. Су тасқыны мен лай көшкіні құтқару жұмысына үлкен кедергі келтіріп жатыр", - дейді құтқарушы Кеннет Лукас.