Зерттеуші жылқы етінің харам екенін айтты

Айтуынша жылқы етін мұсылмандардың ас ретінде тұтынғаны дұрыс емес

Зерттеуші жылқы етінің харам екенін айтты
фото: видеодан скриншот
Автор
Админ
3648

Желіде Қазақстандағы халал индустриясы бойынша зерттеулер жүргізетін Агат Гидің жылқы етіне қатысты айтқан сөзі тарады, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Оның сөзінше, жылқы етін мұсылмандардың ас ретінде тұтынғаны дұрыс емес.

«Жылқының етін харам дей алмаймыз. Бірақ жылқы еті — макрух болып саналады. Яғни, тұтынбаған жөн. Макрух  түсінігінде халалға жақыны да, харамға жақыны да бар. Абу Ханифа мазхабы бойынша бұл макрух харамға жатады. Дубайда да солай саналады. Бірақ Қазақстанда Абу Юсуфтың ойын көбірек ұстанады. Ол бойынша жылқы еті халалға жақын макрух», — деді ол.

Желі қолданушылары, зерттеушінің бұл ойына жаппай қарсы шықты.

«Арабтың дінін айтып шаршатты. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бұрын жеген екен, біз де жейміз», «Дінді түсінбейтіндер дінді үйретіп болды-ау», «Оттаған әңгіме», — деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары