Ақбота Керімбекова: «Аппақ гүлдер» деген әннің аранжировкасын қарызға жасатқам

Ақбота Керімбекова сахнада жүргеніне 30 жыл болатынын айтты.

Ақбота Керімбекова: «Аппақ гүлдер» деген әннің аранжировкасын қарызға жасатқам
сурет ашық дереккөзден алынды
366

Танымал әнші Ақбота Керімбекова үлкен сахнаға еңбекпен қол жеткізгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші күні кеше Мәдениет және ақпарат министріне үндеу жасаған болатын. Ақбота Керімбекованың сөзінше, үндеуге министр Аида Балаева кері байланыс жасап, мәселе талқыланған.

Өнер иесі үлкен сахнаға жеңіл жолмен келмегенін және осы танымалдығының артында біраз еңбектің жатқанын ашып айтты.

«Талай киінген-шешінген, ауызына келгенді аталағандарды көрдік. Сахнаның қасиеті сол, бір-ақ күнде ысырылып қалды ондайлар… Өзіміз де жеңіл жолмен келген жоқпыз. Қанша автордың ізінде жүріп ән іздедік, күндіз-түні ұйықтамай, 2,3 мың теңгеге тойға шығып, соның ақшасын құрап, ән жаздырдық. Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын «Аппақ гүлдер» деген әннің аранжировкасын мен қарызға жасатқам. Кейін береміз деп мата сатып алып, содан өзіміз киім тігіп сахнаға шығатынбыз. Әндеріміз көркемдік кеңестің шешімімен ғана насихатталатын. Сондай қарбаластардан өткесін де шығар, сахнадан 30 жыл бойы түспей келе жатқанымыз бар», - деді әнші Ақбота Керімбекова.

Серіктес жаңалықтары