«Шашбауын көтеріп жүремін»: Айман Талғатқызы Тұрсынбектің алдағы концерттеріне қатысты мәлімдеме жасады

/
«Шашбауын көтеріп жүремін»: Айман Талғатқызы Тұрсынбектің алдағы концерттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Ғаламтор

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы Instagram сторисінде отбасылық жаңалықтарын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлі-зайыптылар Медина қаласына сапарлап келген.  

«Бұл жерді басуды аңсап жүргендер қаншама. Алла баршаңызға бұйыртсыншы. Сағынып отырмын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол қазанның 23-інен бастап Қазақстанның түкпір-түкпірінде Тұрсынбектің концерті өтетінін де айтты.

«Осы айдың 23-нен бастап Қазақстанның барлық қаласында жеке концерт. Ерекше концерт. Шашбауын көтеріп мен де жүремін», – деп жазған.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары