Қарағанды облысында аялдаманың әйнегін сындырған тұрғын 5 тәулікке қамалды

/
Қарағанды облысында аялдаманың әйнегін сындырған тұрғын 5 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Қарқаралы қаласында жылы аялдаманың әйнектерін қасақана сындырған 31 жастағы тұрғын полицияның бейнебақылау камералары арқылы анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа Ақын көшесіндегі жылы аялдаманың бүлінгені туралы қала әкімдігінен полицияға хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде құқық бұзушылыққа қатысы бар азамат анықталып, полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция қоғамдық мүлікке қасақана зиян келтіру жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар бейнебақылау жүйелері арқылы бақылауда болады.

Тәртіп сақшылар тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, ортақ мүлікке ұқыпты қарауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары