Қырғызстанда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР ҰЯО Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 5 қазанда Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:27-де Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болған.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 37,60 градусы, шығыс бойлықтың 71,69 градусы координаттарында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 болды. Энергетикалық класы — K=12,4.
Жер сілкінісінің ошағы 247 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінің салдарынан қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Камчатка жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болған.