Екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған отандасымыз биылғы алғашқы титулына қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери ITF W50 турнирінің чемпионы болды.
Отандасымыз финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен ойын өткізіп, жеңіске жетті.
Осылайша, екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған З.Дияс биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.