989
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсіп қалды
Өнер иесінің жүрегі сыр берген.
Бұл туралы белгілі қорғаушы Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қалдыбек аға жүрегінен сыр беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргенмін, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымкенттегі емханада жатырмын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Қорғауымдағы азаматшаның әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас Прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек», - делінген адвокат жазған жазбада.