Павлодар облысындағы өртті сөндіруге 600 адам, 4 тікұшақ жұмылдырылды

Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы өрттің ауданы үш мың гектардан алты мың гектарға жетті.

Павлодар облысындағы өртті сөндіруге 600 адам, 4 тікұшақ жұмылдырылды
309

Жел, тау, өрт ошағына баратын жолдың болмауы – өртті сөндіруге кедергі келтіріп тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өрттің ауданы шамамен алты мың гектар. Секундына 12-15 метр жылдамдықпен соққан жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр. Өрттен зардап шеккендер жоқ», - деді Павлодар облысының әкімі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша өртті сөндіруге 600 адам, 110 техника, төрт тікұшақ жұмылдырылған.

Өрт әуелде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан шығып, сосын Павлодар облысының аумағына ауысқан.

«Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел штаб іске қосылған. 22 тонна су төгілді», - деді ТЖМ.

Желтау қыстағынан 18 адам көшірілген, оның 8-і бала.

Серіктес жаңалықтары