Ақтөбе тұрғыны көліктердің дабылын өшіріп, тонаумен айналысқан

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбе тұрғыны көліктердің дабылын өшіріп, тонаумен айналысқан
"Мой город"/видео кадры
380

Ақтөбе тұрғыны көліктен миллион теңге ұрлап кеткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы ер адам көліктерді тонаумен айналысқан. Осылайша, қаскүнем әмиян, сөмкелер және басқа да құнды заттар бар көліктердің дабылын өшіріп, тонап кеткен.

Автокөліктен миллион теңгеден аса ақша ұрланғаннан кейін күдікті ізін суытпай ұсталды. Кейінірек ер адам жалпы шығын үш миллион теңгеден асатын тағы бірнеше ұқсас ұрлық жасағанын мойындады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары