Мария Антуанеттаға тиесілі болған 300 караттық сирек кездесетін гауһар тас аукционға қойылды

Сарапшылардың айтуынша, бұл гауһар тас аукционда ерекше сұранысқа ие болмақ және сауда тарихындағы ең қымбат асыл тастардың бірі болуы мүмкін.

Мария Антуанеттаға тиесілі болған 300 караттық сирек кездесетін гауһар тас аукционға қойылды
сурет: euronews.com
651

Француз патшайымы Мария Антуанеттаға тиесілі болған XVIII ғасырдағы 300 караттық сирек кездесетін гауһар тас аукционға қойылды. Бұл туралы euronews.com жазды. 

XVIII ғасырдың жәдігері, салмағы 300 карат патша отбасына қатысы бар сирек кездесетін гауһар тас аукционға қойылды. Тарихи жәдігер бұрын ақсүйектерге тиесілі болған, кем дегенде екі тәж кию рәсімінде тағылған.

Бұл бірегей гауһар тас қарашада Женевада өтетін Sotheby's «Royal and Noble» аукционында сатылымға шығарылады.

Бұл гауһар тастың басты ерекшелігі оның француз патшайымы Мария Антуанеттаға тиесілі болғаны болып отыр. Сол дәуірде патшайымның сәндік бұйымдарының бірі ретінде танылған, ол ғасырлар бойы корольдік отбасылардың мұрагерлік қазынасында сақталып келген. Сарапшылардың айтуынша, бұл гауһар тас аукционда ерекше сұранысқа ие болмақ және сауда тарихындағы ең қымбат асыл тастардың бірі болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары