Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды.
Отандасымыз жарыста словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-словениялық жұп финалда бірінші нөмірлі жұп — украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихоноваға қарсы ойнады.
Шешуші кездесу Құламбаева мен Эрьявецтің пайдасына 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Турнирдегі жеңісі үшін Жібек Құламбаева WTA рейтингінде 125 ұпай иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші әлемдік жұптық рейтингте 78-орынға көтеріліп, жеке мансабындағы ең жоғары көрсеткішін жаңартады деп күтілуде.