«Жыл сайын 600 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады»: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын вакцина алуға шақырды

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына маңызды ақпарат айтты.

«Жыл сайын 600 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады»: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын вакцина алуға шақырды
сурет ашық дереккөзден алынды
425

Қазақстанда жиі кездесетін қатерлі ісік түрінен жатыр мойны обыры 2-ші орында тұр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жайлы танымал тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

Бейнежазбада қатерлі ісікпен күресудің бірден бір жолы - вакцина алу делінген.

«Әсіресе қыз тәрбиелеп отырған ата-аналардың назарына! Бұл вируспен күресудің жалғыз жолы – вакцина. Жатыр мойыны обыры Қазақстанда 25-44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлік ісік түрінен 2-ші орында. Жыл сайын 600, күн сайын 2 әйел жатыр мойыны обырынан көз жұмады. Бұл статистикаға қарап, бірінші кезекте ана ретінде қатты уайымдадым. Сондықтан, бірінші кезекте дұрыс ақпаратпен бөліскім келді», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Серіктес жаңалықтары