«Көз тимейді»: Баян Алагөзова күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады

Белгілі продюсер күйеуіне сыйлық жасады.

«Көз тимейді»: Баян Алагөзова күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
сурет ашық дереккөзден алынды
881

Атақты продюсер Баян Алагөзова күйеуінің туған күніне гаухар тастары бар алтын бұйым сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі бизнесмен Тұрсын Алагөзов 55 жасқа толды. Әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызы күйеуін құттықтап, сыйлық табыстағанын айтты.

«Мен күйеуіме не сыйласам екен деп көп ойландым. Ойлана келе, мына бұйымға тапсырыс бердім. Бұл - өзінің руының белгісі. Гауһартастары бар, алтыннан жасалған зергерлік бұйым. Бұл сені бәле-жаладан қорғайды. Енді саған көз тимейді. Туған күніңмен құттықтаймын, сені жақсы көремін», – деді Баян Алагөзова.

Серіктес жаңалықтары