Даниялық студент металл іздейтін құрылғымен викингтер дәуірінің қазынасын тапты

Бұл жаңалық Данияның викингтер дәуіріне қатысы барын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Даниялық студент металл іздейтін құрылғымен викингтер дәуірінің қазынасын тапты
сурет: Мосгаард музейі
838

Скандинавия елінің жас археолог-студенті металл іздейтін құрылғының көмегімен викингтер дәуіріне жататын жеті күміс артефактты тапты. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл артефакттар викингтердің заманын зерделеу үшін аса маңызға ие.

Дүйсенбі күні Данияның Мосгаард мұражайы биыл жыл басында 22 жастағы зерттеуші Густав Брунсгаард Орхус қаласында жеті күміс білезік тапқанын хабарлады. Бұл күміс заттар шамамен 800 жылдары викингтер үшін валюта рөлін атқарған. Олардың үшеуі сол кездегі викингтер бекінісінен табылған және мұражай оларды «сирек» деп сипаттады. Жалпы салмағы бір фунттан асатын бұл білезіктер ерекше тарихқа ие және әлемдік байланыстарды көрсетеді.

Күміс бұйымдар Ресей мен Украина аумағындағы викингтер қоныстарынан шыққан, сол жерден олардың стилі Солтүстік Еуропа елдеріне таралған.

Үш білезік орнаменттерінің болмауына байланысты «сирек» деп аталды, олардың екеуі Скандинавия мен Англиядан шыққан. Қалғандары Оңтүстік Скандинавиядан, оның ішінде Даниядан табылған. Мұражай мәліметінше, барлық артефакттар иесінің «қаржылық мүмкіндіктерін» көрсетеді.

Бұл жаңалық Данияның викингтер дәуіріне қатысы барын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Серіктес жаңалықтары