Күйеуі өртеп жіберген угандалық олимпиадашы қаза тапты

Чептегейдің денесінің 75%-ын күйік шалған болатын.

Күйеуі өртеп жіберген угандалық олимпиадашы қаза тапты
сурет: Getty Images
611

Күйеуі өртеп жіберген угандалық олимпиадашы қаза тапты. 33 жастағы Ребекка Чептегай Париждегі Олимпиада ойындарында әйелдер марафонына қатысқан болатын, деп жазды euronews.com.

Аурухана өкілі спортшының органдары істен шыққаннан кейін қайтыс болғанын хабарлады. Чептегейдің денесінің 75%-ын күйік шалған болатын.

Ақпаратқа сүйенсек, Диксон Ндиема бұрынғы әйелінің балаларымен бірге шіркеуге кеткенін пайдаланып, үйіне кіріп алған. 33 жастағы әйел үйге оралғанда, оған канистрден бензин шашып, сіріңке лақтырған. Өрт Диксон Ндиеманың өзіне де тиген. Көршілері айғайлағаны дауысты естіп, жүгіріп келіп, медициналық көмек шақырған. Ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейін үй мен жер телімін бөлісуге қатысты елеулі келіспеушіліктері болған. Чептегей бұрынғы күйеуімен байланысуды тоқтатқан, ал Ндиема да экс-сүйіктісімен татуласқысы келмейтінін бірнеше рет айтқан.

Оның әкесі Джозеф Чептегай әділеттілікке жетуге барын салатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары