Абай облысында адам өлтірген 55 жастағы әйел оқуға түсті

Абай облысындағы әйелдер колониясында 50-ге жуық сотталған оқуға тапсырды.

Абай облысында адам өлтірген 55 жастағы әйел оқуға түсті
Сурет:  Рolisia.kz
698

55 жастағы Риддер қаласының тумасы адам өлтіргені үшін жеті жылға сотталып, колонияға бір жыл бұрын түскен, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін жаман ортамен қарым-қатынас, махаббаттың буы, маған мектепті бітіріп, аттестат алуға мүмкіндік бермеді, ал қазір 55 жасымда осы жерде білім алып оқуымды жалғастырғым келді, өйткені оқып білім алуға ешқашан кеш емес. Менің екі ұлыммен қызым бар, ұлым да бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, қызымның өз отбасы бар. Мерзім соңында мен де қолымда наубайшының дипломымен және аттестатпен бостандыққа шыққым келеді», – деді сотталған әйел.

Сотталғандар енді аспазшы, кондитер, тігінші мамандықтарын игеріп шыға алады.

«Сотталған әйелдерге арналған сабақтар екінші қыркүйектен басталды. 19 әйел орта мектепке, тағы 31-і кәсіптік училищеге қабылданды, онда аспазшы, кондитер-наубайшы және тігінші мамандықтарын оқи алады», – деп атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.

Серіктес жаңалықтары