Біздегі басты міндет – халықтың мүддесін қорғау

Біздегі басты міндет – халықтың мүддесін қорғау
Илья Сергеевич
Автор
Админ
1541

Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымы жұмысын жаңа форматқа көшіргенін бұған дейін де жазғанбыз. Аймағымызда бір жыл бұрын барлық деңгейдегі мәслихаттарды жаңғырту басталды. Халық қалаулылары сайлаушыларға жақын болу үшін заманға сай байланыс түрлері мен тетіктерін кеңінен қолдануға көшті. Жергілікті атқарушы билікпен, Қазақстан Республикасының Парламентімен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы аймақ азаматтарының әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеруді көздеді. Депутаттардың белсенділігін арттыруға күш салынды. Сегізінші шақырылымның іске кіріскеніне де екі жылға жуықтады. Осы ретте, облыстық мәслихаттың төрағасы, AMANAT партиясының облыстық филиалының төрағасы, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі Илья Сергеевич Теренченкомен тілдесіп, жан-жақты атқарылған жұмыстардың алдын ала нәтижелері жайында білген едік.

– Илья Сергеевич, аймағы-мызда мәслихаттар жұмысын жаңғыртуды қолға алғаныңызды бүгінде еліміз біледі десек, артық айтқандық емес. Нақты қай бағытта жұмысты жетілдіріп, неге мән беру керек-тігін сегізінші шақырылымның алғашқы жылында-ақ белгілеп алды-ңыздар. Сол жоспарлы жұмыстар қалай іске асуда?

– Елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар сайланғаннан кейін бір ай өткенде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аудан-қала, облыс әкімдерін, барлық деңгейдегі мәслихат төрағаларын жинап, Астанада алқалы басқосу өткізді. Нақтысы, елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде кеңейтілген отырыс өтті. Мемлекет басшысы биліктің әр тармағына міндеттерді айқындап берді. Барлық деңгейдегі мәслихат төрағаларының мұндай деңгейдегі жиынға алғаш рет қатысуы. Бұрын-соңды шақырылып көрмеген еді. Бұл дегеніңіз, Президент өкілдік органдар – мәслихаттарға елімізді дамыту, мақсаттарға қол жеткізу үшін алға қойылған міндеттерді іске асыруда айрықша маңыз берді. Бізге жүктелген ең басты міндет – жергілікті халықтың мүддесін қорғау. Депутаттар күнделікті жұмыстарын сайлаушылардың өзекті мәсе-лелерін шешуге арнау керектігін атап өтті. Кәсібилік, жауапкершілік танытуымызды тілге тиек етті. Әкімдіктермен тығыз байланыс орнатуымызды жүктеді. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына сенім артты. Міне, сол сенімді ақтау үшін әрекет жасап, заманға сай жаңа форматта жұмыс істеудеміз.

Сондықтан басты міндетіміз – қарамағымыздағы 32 депутатты ортақ іске ұйыстыра білу, ояту. Ояту дегенде, бірден барып жөн-жосықсыз тексеріс жүргізіп, «тисе - терекке, тимесе - бұтаққа» деп сынай жөнелу емес, азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуде белсенділік танытуға біріктіру. Аудандық мәслихат жұмысын жандандыруға да мән беріп келеміз. Депутаттарға депу-таттық сауалды дұрыс түзу, өкілетті органнан сенімді ақпарат алу сынды маңызды тұстарға ден қойдық. Яғни, мәселе көтерген азамат нақты жауап алуы тиіс. Депутаттың қойған сұрағы басқа, мемлекеттік органның берген жауабы бөлек, ал бізге жүгінген азаматтың қалауы мүлде өзге болып шықса, бұл өте үлкен қателік болады. Осы саладағы тәжірибемізге сүйене отырып, жолын, жөнін көрсетудеміз. Айта кетейін, Павлодар облысының мысалы негізінде мәслихаттарды дебюрократизациялау шеңберінде мәслихаттар қызметін жаңғырту тақырыбында магистрлік жоба да қорғадым.  Жаңа депутаттық корпус жаңаша жұмыс істеуі керек деген оймен әрекет етудеміз. Аталмыш жобам кәдімгідей ғылыми оқулық десем болады.

– Бір сөзіңізде жаңа форматта жұмыс бастағаныңызды айттыңыз. Содан бері не өзгерді? Қандай жаңашылдық енгіздіңіздер?

– Облыстық мәслихаттың бұрынғы шақырылымдарында әрбір тұрақты комиссия өзіне тиесілі тақырыпты өздері ғана талқылап, бір тоқтамға келетін. Қазір біз мұндай жұмыс жүйесінен жаңа форматқа көштік. Яғни, сессия отырысына дейін депутаттар қай комиссияға қарасты болса да, аймақтың өміріне қатысты мәселелердің барлығына араласады, талқылайды. Егер бұрынғыша жалғастырсақ, депутаттар өңірдің өміріндегі кейбір өзгерістерді, кей саладағы жаңашылдықтарды сессияда көктен түскендей енді ғана естіп отырады. Мұндай олқылық болмауы тиіс. Депутат айналадағы барлық тақырыптан хабардар болуы керек. 5 шақырылымның депутаты ретінде ескі формат маған түсініксіз еді. Сондықтан, осылайша жаңаша қадам жасадық. Мәселен, экология жөніндегі комиссия құрамындағы депутатымыз бюджеттегі өзгерістер мен толықтыруларды, құрылыс саласындағы жаңалықтарды біліп, ой қосып жатса, ортақ істе нәтиже де оң болары анық.

Тағы бір айта кетерлігі, бізде екі депутаттық топ құрылды. Бірі әйелдер мен балалардға зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету жағдайларындағы мәселелерді қарастыруға жауаптанды. Бұл топқа әріптесіміз Динара Айтжанова жетекшілік етеді. Екіншісі - enbek депутаттық тобы. Раушан Даумова төрағалық ететін аталмыш топ еңбектің қорғалуын, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге мән береді. Қос топ қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп шешу жолдарын іздестіреді. Сонымен қатар, әріптесіміз жетекшілік ететін жастар және спорт мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Сегізінші шақырылымның келуімен бүкіл ақпарат халық үшін ашық. «Ауыл» партиясының фракциясы құрылды. Бірнеше ғана өңірде бар мұндай фракция. Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен Open кеңсе ашылды. Әр жұма күні депутаттар аталмыш кеңседе азаматтарды қабылдайды. Мони-торингтік топтар құрылды. Заң мұндай топ құруға рұқсат береді. Бірақ бұл мүмкіндікті бұрын ешкім пайдаланбаған. Былайша айтсақ, біз жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңды толыққанды пайдалана бастадық.

– Қазір халықпен байла-нысудың түрлі тетігі шыққан заман. Тікелей әрі жылдам хабарла-судың сан алуан амалы бар. Соларды барынша қолданып жатқан боларсыздар...

– Ол рас, әлеуметтік желі арқылы, түрлі технологияларды жан-жақты қолданып, тұрғындарға жақын болуға тырысып жүрміз. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз қарым-қатынас орнаған. Облыстық газет, телеарналарда арнайы айдарларымыз бар. «Ertis Media» ЖШС-іне қарасты облыстық «Saryarqa samaly» газетінде «Мінбер», «Halyq radiosy»-нда «Депутат мінбері», «Басты міндеттер туралы» айдарлары, Ertis телеарнасында «Тексерілді», Ирбис арнасында «Депутаттық бақылау» бағдарламалары бар. Сайтымыз жүйелі жұмыс істей бастады. Менің мәслихатқа төрағалыққа келген кезім әлеуметтік желілер дәуірімен, жаңаша формат дәуірімен тұспа-тұс келді. Жас басшы ретінде қазіргі заман игіліктерін пайдалануға ден қойдық.

Одан бөлек, 2 GIS қосым-шасында депутаттарымыздың қай округтен екені, байланыс мәліметтері көрсетілген. Яғни, жеке карточкалары әзірленген. Бұл жобаны Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобыланбек Қожин ұсынып, өздеріне енгізіп, тәжірибесімен бөліскен еді. Депутаттарымыз әлеуметтік желіде де белсенді. Бұл дегеніңіз, депутатты, онымен байланысу жолын іздеп әбігерге түспейсіз. Облыстық прокуратурамен бірлесіп, ерікті көмекшілер мен еріктілердің құқық бұзушылықтарды бақылауына арналған «HALYK TUMAR» мобильді қосымшасы сәтті іске қосылды.

– Ел Президенті көппартия-лылық жүйеге барынша назар аударып келеді. Осы орайда, облыстық мәслихаттағы жағдай қалай?

– Біздегі депутаттардың тең жартысы, яғни 16 азамат партиялық тізіммен сайланса, қалған жартысы округтер бойынша сайланды. Облыстық мәслихаттарға заңмен белгіленген тәртіп бар. Яғни, 50 де 50 болуы тиіс. Мәсли-хатымызға алғаш рет бес партия кіріп отыр. «Ауыл», «АMANAT», «Respublica», «Ақ жол», Қазақстан Халық партияларынан өкілдер бар. Өзін-өзі ұсынған бір әріптесіміз бар, ол – Рустам Мазгутов. Бұл азаматты өзімше аңыз адам деймін. Партиялық тізіммен сайланған депутаттарда шектеу жоқ. Олар қай ауданның мәселесін көтерсе де – өз еркі. Ал бір мандаттық округ бойынша сайланған әріптестерімізде нақты сайлаушы саны бар, жауаптанған аумағы болады. Сол аумақ тұрғындарының мүддесіне жұмыс істейді. Дегенмен, комиссия құрамында өзге де мәселелерді көтеруіне жол ашық. Негізгі жауапкершілік өзі сайланған округ төңірегінде болады. Жалпы, бұл модель өте өнімді деп санаймыз. Қазіргі таңда депутаттық корпусымызда бір бос орын бар. Жуырда әріптесіміз, мәслихаттың атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болып тағайындалғанын білесіздер.

Жаңа депутаттық корпусқа жаңа адамдар жаңаша көзқараспен келді. Депутаттар бір-біріне тәуелсіз. Бір-біріне есеп бермейді. Тек комиссия құрамында алқалық шешім шығарғанда бір арнаға пікірлері тоғысуы тиіс. Әр мәселені әркім әрқалай көтергісі келеді. Бірі түбіне дейін зерделеуді, бірі оған бұқаралық сипат беруді, енді бірі заңды рәсімдерді өткізіп барып, баға беруді жөн деп санайды. Мен қай-қайсысын да қолдаймын. Себебі, дәл осындай бәсекелестік нақты іске әкеледі. Жалпы, көппартиялық жүйе саяси белсенділікті арттырады. Алайда, бәріміздің көздегеніміз бір, ол – өңірдің өркендеуіне үлес қосу, азаматтардың мүддесін қорғап, қордаланған мәселелерді шешу. Міне, осы міндет айналасына шоғырланып, күш біріктіре алдық деп айта аламын.

–  Депутаттардың белсен-ділігіне тоқталсаңыз... Қанша-лықты қоғам ісіне араласа алуда?

– Сізге бір ғана мысал келтірейін. Елімізде жаңа бюджеттік кодекс әзірленуде. Осы құжатқа біздің депутаттардан 52 ұсыныс жолданды. Сол белсенділіктің нәтижесі болар, биыл аймағымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюджеттік комиссиясы толық құраммен арнайы келді. Облыс тарихында Сенаттың мұндай сапары болмаған. Жалпы, Парламенттің қос палатасынан 2023-2024 жылдары қырықтан астам Сенат және Мәжіліс депутаттары келіп, жұмысымызбен танысты. Аймағымыздағы бюджет дербестігіне ден қойды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын көзбен көріп қайтты. Мұндай кездесулер – біздің депутаттарымыз үшін үлкен тәжірибе. Депутаттарымыздың белсенділігін сайлаушылары көріп жүр. Депутаттар өз істерін нақты біледі. Естеріңізде болар, референдумнан кейін енгізілген өзгерістерге байланысты өз жауапкершілігіне салғырт қараған депутаттарды сайлаушылары дауыс жинау арқылы кері қайтарып алуға құқылы. Осылайша, сайлау-шылар да депутаттың жұмысына ықпал ете алады. Қазақстан Республикасының қос палатасы Сенат пен Мәжіліске өңірімізден сайланған халық қалаулыларымен тығыз байланыс бар. Сенаторлар Алтынбек Нухұлы мен Ернұр Әйткенов, Мәжіліс депутаттары Нұржан Әшімбетов, Жарқынбек Амантай, Вера Ким, Николай Арсютин, Ажар Сағындықовалар облыстық мәслихат депутаттарына жөн сілтеп, кеңес беріп тұрады. Аймағымыздың бұйымтайларын қос палатадағы өңір депутаттарына жеткізуге тырысамыз, олар мәселені республикалық деңгейде шешуге атсалысады.

– Кез келген істің күш біріктіргенде берері мол болатыны белгілі. Өңірдің өркендеуіне үлес қосу үшін атқарушы билікпен де етене еңбек етудің маңызы зор екені де анық. Бұл бағыттағы байланыс, өзара әрекеттер жайында айтып өтсеңіз...

– Облыс әкімі Асайын Байханов бастаған жергілікті атқарушы билікпен байланысымыз өте тығыз. Депутаттардың әрбір ұсынысына құлақ асып, қолдау тауып жатады. Осы орайда, облыстық бюджеттік комиссияның отырысын айтып өтейін. Облыс әкімінің төрағалығымен өтетін бұл жиында аймақ басшысы алдымен әр аудан-қала әкімінен депутаттардан қандай ұсыныс-талап түскенін сұрайды. Есептік кезеңде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан 44 ұсыныс түскен. Асайын Қуандықұлы депутаттарға тұрғындар алдымен жүгінетінін біледі. Яғни, сол округтегі ахуалмен жақын таныс екенін ескереді. Сол себепті комиссия отырысында біздің ұсыныстарға мән беріп, құлақ асады. Бұл ретте, депутат-тарға әрбір сауалды жазбаша жолдау керектігін айтамын. Белгілі бір ауданға, ауылға жол керек, су тарту керек, әлеуметтік нысанын жөндеу қажеттігін, тұрғындардың талап-тілегін жеткізсек, аймақ басшысы әрдайым қолдап келеді. Осылайша, өкілдік билік институтын жан-жақты қолдау білдіріп отыр. Әріптестерім «Илья Сергеевич, мен бұл мәселені көтергем, айтып едім ғой» деп жатады. Мұндай ауызша айту жарамайды. Әрбір ұсыныс, сауал жазбаша жазылып, құзырлы органға жөнелтілгенде ғана оның ары қарай іске асу ықтималдығы жоғары екенін түсіндіріп отырамын. Естеріңізде болар, Аққулы ауданына қарасты Тілектес ауылының мектебінің апатты жағдайда екенін әріптесіміз Нағимаш Жүсіпова көтеріп, аймақ басшысы қолдап, алдағы жылы жаңа білім ордасы салынбақ.

– Бүгінде сіздердің тәжіри-белеріңізге өзге өңірлер қызығушылық танытып жатқан көрінеді. Тәжірибе алмасу мәселесіне мән беріп жатқан боларсыздар...

– Оң тәжірибемізге Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астанадағы әріптестеріміз қызығушылық танытты. Әріптестік орнатып жатқан жайымыз бар. Аталмыш өңірлермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Яғни, инновациялық жобалар болса, ақпарат, тәжірибемен бөлісіп отырамыз. Біздің тәжірибемізге өңірімізге арнайы келген «Ауыл» партиясының төрағасы Аманжан Құсайынов, Amanat партиясының атқарушы хатшысы Ержан Жылқыбаев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаев біздің жаңа форма-тымызға жоғары баға берді.

– Облыстық мәслихаттағы әрбір депутаттың өзіндік орны мен салмағы бары анық. Әркім өзінше үлес қосуға әрекет ететін болар...

– Иә, әркім өз саласының білгірі. Соған сай қоғамдық мәселелерге араласады. Алдымен, депутаттық корпустағы әйелдер қауымына тоқталайық. Депутаттардың 20 пайыздан астамы – әйелдер. Мәселен, Света Абдраманова әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның мүшесі, AMANAT партиясы жанындағы әйелдер қанатына жетекшілік етеді. Әрдайым белсенділік танытып жүреді. 7-8-шақырылымның депутаты Динара Айтжанова әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияға төрағалық етеді. Жастар жобаларына ылғи қолдау білдіреді. Себебі, кезінде жастар ұйымдарында, еріктілер сапында саяси өмірге қадам басқан. Раушан Даумова депутаттық сауал жолдап, көшпелі отырыстар өткізіп, өңір азаматтарының, проблемалық отбасылардың мәселелеріне араласып жүреді. Экология жөніндегі комиссия құрамында да қоршаған ортаның ахуалына үн қосуда. «Ауыл» партиясының өкілі Нағимаш Жүсіпова Шарбақты мен Аққулы ауданының түйткілдерін шешуге жанын салады. Азаматтық ұстанымы өте мықты. Негізгі комиссиялардың бірі бюджет комиссиясына жетекшілік ететін Сандуғаш Қалижанова - салмақты әріптесіміз. Аймақ үшін маңызды жобалардың жүзеге асуына атсалысады. Экология мәселелері жөніндегі комиссияға төрағалық ететін Гүлмира Нұрханова Железин мен Тереңкөл аудандарының кем-кетігін түгендеп жүреді. Жергілікті билікпен мәселелерді шешуге күш салудан жалыққан емес.

– Депутат – биліктегі халықтың өкілі. Сайлаушыларына жәрдемдесу үшін әркім әртүрлі ресурсты пайдаланады. Бірі өз күшіне жүгінсе, енді бірі атқарушы билікпен бірлесіп, атсалысады. Депутаттардың демеушілік істе алдарына жан салмайтынын білеміз...

– Әрбір қайырымдылық істен қалмауға тырысады. Жомарт депутаттарымыз да баршылық. Мәселен, партиялық тізіммен сайланған Гнел Акопян - мықты меценат. Көптеген әлеуметтік жобаларға қатысып, үлесін қосып келеді. Көп істі үнсіз атқарып жүреді. Асылбек Туғанбай да жомарт-тығымен белгілі. Өз округінің жоғын жоқтап, тұрғындардың тілегін билікке жеткізіп, соңына дейін шешімін табуына күш салады. Виталий Соломкин құрылыс мәселелері жөніндегі комиссияға төрағалық етеді. Құрылыс саласының қыр-сырын бір кісідей біледі. Демеушілік көмегін аямайды. Аталмыш комиссия мүшелері Исламбек Құлтуманов пен Александр Толмачев құрылыс нысан-дарындағы проблемалық тұстарды көтеріп, шешімін табуына күш салады. А.Толмачев те - меце-наттарымыздың бірі. Әріптесіміз Қалауден Ибрагимов Ақтоғай ауданыда биыл су тасқыны кезінде өзінің көмегін аямады, әріптесі Александр Терентьевпен бірге тұрғындар қасынан табыла білді. Жалпы, барлық депутаттарымыз су тасқыны кезінде аянып қалмады. Өзіміздің өңірімізден бөлек, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына көмектерін жөнелтті.

«Мектепке жол» акциясына халық қалаулыларының бірі де қалмай атсалысып келеді. Бұл қайырымдылық ісін де жүйеледік.

– Әр депутат белгілі бір салада еңбек етеді. Сол саладағы тәжірибелері де депутаттық қызмет барысында кәдеге жарап жатқан болар...

– Командам өте мықты деп айта аламын. Әрқайсысы кез келген мәселені талқылап, ой қоса алады, қосып та жүр. «Ауыл» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Болат Аманжолов, партияласы Саят Елгонденовпен бірге ауыл ахуалына, жастар мәселелеріне үн қосып жүр. С.Елгонденов, Мирас Хамитов әріптесі Айдар Құрымбаев жетекшілік ететін жастар мәселелері жөніндегі комиссия құрамында белсенді. Замандастарын толғандыратын жағдайларға көңіл бөледі, талқылап, ұсыныстарын береді. Ал Байғабыл Майкотовты өз басым патриоттық тәрбиенің алдаспаны санаймын. Баянауылдық Арман Рахмашев туған өлкесінің бар-жоғын түгендеп, курорттық аймақтың, табиғи қорықтың қордаланған мәселелеріне мән беріп келеді. Қазақстан Халық партиясынан сайланған Илья Мухортовтың да жақсы жобалары баршылық. Ақ желеңді Арман Мұсабеков - өз саласының мықты маманы, сол тәжірибесі депутаттық қызметте де кәдеге жарап, тұрғындар игілігіне жұмсалуда. AMANAT партиясы фракциясын басқаратын Қанат Сатабаевтың да депутаттық корпустың жемісті жұмысына қосып жүрген үлесі аз емес. Оған мемлекеттік қызметтегі талай жылғы тәжірибесі септігін тигізуде. Орынбасар Әлеевтің де өзіндік орны бар. Қатарымызға жаңадан қосылса да, қазірдің өзінде бес депутаттық сауал жолдап үлгерді.  Жалпы, AMANAT партиясынан облыстық мәслихат құрамына 20-дан астам халық қалаулысы кіреді.

«Respublica» партиясының өкілі Сәбиден Мантықов мони-торингтік топқа жетекшілік етіп, аймағымыздағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуын қадағалайды. Бұл топ бүгінде белсенді әрі беделді. Осы партияның облыстық филиалына төрағалық ететін Махамбет Амангелді - белсенді депутаттарымыздың қатарында. Әр істің сапалы әрі уақытылы атқарылуын қадағалап, істі соңына жеткізуге көңіл бөледі. Мәселен, жуырда Май ауданындағы аспалы көпір құрылысына қатысты мәселе көтеріп, қаржы бөлуді тоқтатуды ұсынды. Әріптесі Р.Мазгутов та көпір құрылысының сапасына көңілі толмайтынын білдірді. Депутатымыз Дүйсен Мерғалиев Ақсу қаласы тұрғындарының бұйым-тайын жеткізіп, жалпы өнеркәсіптік саланың өзекті түйткілдерін жиі көтереді. Жетінші шақырылымда бюджеттік комиссияға төрағалық еткен Серік Сәдуақасовтың тәжірибесіне, кеңесіне құлақ асамыз. Өзі сайланған кеншілер шаһарындағы өзекті мәселелерді билікке жеткізіп, азаматтардың өтініштерін аяқсыз қалдырмауға тырысады. «Ақ жол» партиясынан сайланған Фуат Сатабаев пен Павел Ярошенко да белсенді. П.Ярошенко коммуналдық саланың түйткілдерін бір кісідей біледі. Сол тәжірибесін депутаттық қызметінде ұтымды пайдаланып келеді. Қалалық және аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттарының да жұмысын айрықша атағым келеді. Әрқайсысы жергілікті түйткілдерді қозғап, үн қосып жүр. 

– Білім алу, шеберлікті шыңдау қашан да артық етпейді. Білуімізше, депутат-тардың саяси білімін жетіл-діруге, оқытуға ерекше мән бересіздер...

– Білім алуды, біліктілігіңді жетілдіруді тоқтатпаған абзал. Өз басым Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесімін. Биыл бұл резервке - 5 жыл. Алғашқы легінде рейтинг бойынша бесінші орынға тұрақтаған едім. Дәл осы резерв маған үлкен жауапкершілік жүктеді.

Облыстық және қала-аудандық мәслихаттар депутаттарының біліктілігін арттыруға айрықша мән береміз. Қазіргі таңда оқуға бөлінетін сағат санын арттырдық. Аудан-қалалық мәслихат төрағалары толықтай оқудан өтті, енді олар депутаттардың сауатылық деңгейін арттыруға күш салуда.  Оқу ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жергілікті филиалында өтеді. Айта кетейін, аталмыш академия - басқарушылық мәдениетті дамыту және мемле-кеттік қызметшілердің кәсіби тұрғыдан өсуі үшін таптырмас мүмкіндік. Ал басқарушылық мәдениеттің қалыптасуы тиімді әрі жауапты мемлекеттік басқарудың негізі болады. Академия түлектері бүгінде барлық салада қомақты үлес қосуда.

Депутаттарға білім беретін спикерлерді өзіміз ұсынып, бекітеміз. Яғни, барынша пайдалы білім алса деген ниет - біздікі. Тағы бір айта кетерлігі, білім беруді біз сегізінші шақырылымның басында бастап кеттік. Бұрынғыша шақырылымның орта шенінде, депутаттар орта жолға келгенде оқытудың жөн еместігін ескердік. Академияның өңірлік филиалымен тығыз байланыстамыз. Барлық депутаттарымыз академия әзірлеген бірыңғай бағдарламамен білім алуда. Мәсли-хаттардың аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілер де біліктіліктерін арттыруда. Мұнда сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары үйре-тіледі, стратегиялық көзқарас қалыптастырылады. Сонымен қатар, әр сәрсенбі сайын облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері мен депутаттар үшін мемлекеттік тілді жетілдіру сабағы ұйымдастырылады. Сабақтар заманауи технологияларды қолдану арқылы интерактивті түрде өтеді.

– Депутат үшін біліммен бірге халықтың сеніміне де ие болу керек-ақ. Жалпы, тұрғындар сеніміне кіру үшін не істеу керек?

– Ең алдымен өзіне сену керек. Ұсынып отырған жоба-жоспарлардың жүзеге асатынына сенімді болуың керек. Ұсынысы ертеңгі күні халыққа қандай пайда әкелетінін жеткізе түсіндіре алуы тиіс. Әр іске жауапкершілікпен қарап, оны соңына дейін жеткізуге дағдылану керек. Еліміз - мүмкіндіктер мемлекеті. Әркімге мүмкіндік береді. Еңбек еткен адам сенімге де, беделге де ие болады. Айналаңдағы адамдардың үмітін ақтауға тырысу керек. Оларды ұятқа қалдырмауың керек. Депутат - көпшіліктің адамы. Азаматтар кез келген мәселемен көмегіңізге жүгінуі мүмкін. Тыңдап, шешу жолдарын көрсете білуің қажет. Қай қызметте, қай салада болсаң да, ең бастысы адам болып қалу керек.

– Илья Сергеевич, сұхбаты-ңызға рақмет!

Серіктес жаңалықтары