«Жанжал болған»: Павлодарда міндетін дұрыс орындамаған ата-анаға айыппұл салынды
Жазбаша түсініктемелерінде ол өзара жанжал болғанын растап, өзінің ақшасы аз екенін, теріс қылығы үшін қызының басынан ұрғанын айтқан.
Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және өз міндеттерін орындамау фактісі бойынша әйел адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Сотқа ұсынылған материалдарға сәйкес, К. 2024 жылы 27 шілдеде кәмелетке толмаған қызының басынан ұрған. Жазбаша түсініктемелерінде ол өзара жанжал болғанын растап, өзінің ақшасы аз екенін, әжесімен дөрекі қарым-қатынаста болғаны, теріс қылығы үшін қызының басынан ұрғанын айтқан.
Жалпы, К-ның асырауында 2017 жылы туған кәмелетке толмаған қызы бар, оны тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамай, оған қол сұғушылық танытады. Ол құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін толық мойындап, айыппұлды азайтуды сұрады.
«Сот іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, К.-ны ӘҚБтК-нің 127-бабы, 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл түрінде 25 844 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындады», - делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.