Ақтөбеде 40 жастағы әйел үш күннен бері табылмай жатыр

Әйел 23 тамыз күні таңғы сағат 4-те үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған.

Ақтөбеде 40 жастағы әйел үш күннен бері табылмай жатыр
diapazon.kz
1129

Толғанай Молдағалиева 23 тамыз күні таңғы сағат 4-те үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған, деп хабарлады turkystan.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Еріктілер ақтөбеліктерден әйелді іздеуге көмек сұрайды.

«Ол есепте тұр, оның психикалық жағдайы нашар, бағдарды ажырата алмайды. Бұл бірінші рет жоғалуы емес, төртінші рет. Бұған дейін оны полицейлер, бейжай қарамайтын адамдар және біздің волонтерлер тауып алған еді. Бірақ қазір үш күн болды, нәтиже жоқ. Ол өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды, өзіне өзі көмектесе алмайды! Ол жалаңаяқ кеткен», — деп мәлімдеді «Zello poisk» волонтері Екатерина Голотина. 

Толғанай Молдағалиева жоғалған кезде қоңыр көйлек киген.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 немесе 8 707 881 20 98 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Серіктес жаңалықтары