Елорда әкімі боксшы Нұрбек Оралбайға керемет сыйлық жасады

Спортшының бапкері де сыйлықтан құр қалмады.

Елорда әкімі боксшы Нұрбек Оралбайға керемет сыйлық жасады
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
539

Астана қаласының әкімі Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы қала әкімі жазды.

«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр! Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!», - деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшада.

 

Серіктес жаңалықтары