Семейдегі мешітте намаз оқып отырған қыз соққыға жығылған

Оқиғаның видеосын журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Семейдегі мешітте намаз оқып отырған қыз соққыға жығылған
Скриншот
484

Әлеуметтік желіде мешітте намаз оқып жатқан қызды ұрып-соққан видео пайда болды. 

Оқиғаның видеосын журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Видеодағы жағдайдың Семей қаласында болғаны белгілі болды. Кадрлардан әйелдің мешітте намаз оқып отырған қызға шабуыл жасап, тепкілеп жатқанын көруге болады. 

«Мешітте болған жағдай! Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп, соғып кетіпті! Бұл недеген бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе не болғанымыз?», – делінген видеоның жазбасында.

Аталмыш фактіге қатысты Абай облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Бұл дерек облыстық полиция департаментінің Семей қалалық Әуезов ПБ-на тіркелді. Әйелдің шағымы болмағандықтан, одан әрі іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен қарсы арыз түсті», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары