Роза Рымбаеваның ұлы әйелімен түскен романтикалық суреттерін жариялады

Желі қолданушылары суреттерге қатысты толассыз пікір білдірген.

Роза Рымбаеваның ұлы әйелімен түскен романтикалық суреттерін жариялады
426

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов пен оның әйелі Ақерке Бүркітбай жаз мезгілінің шуақты сәттерінен естелік қалдырмақ болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Фотосуреттерден Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың көл бетінде гүлмен көмкерілген қайық үстінде жүзіп жүргенін көре аламыз. Күн сәулесіне шомылған қос ғашықтың бір-біріне деген ынтызар сезімін бейнелейтін суреттер көпті сүйсінткен.

Әли Окаповтың айтуынша, фотосуреттер фильмнің кадрлары сияқты шыққан. Сондықтан болар өздерін “Властелина колец” фильмінің кейіпкерлеріне ұқсатқан.

Ал желі қолданушылары оларға жылы сөздерін арнап, тілектерін жаудыртқан.

 

Серіктес жаңалықтары