Астанада 15 жастағы жасөспірімді үш жерден пышақтап кетті (ВИДЕО)

жақында ғана түрмеден шыққан ер адам 15 жастағы баланы пышақтап кеткен.

Астанада 15 жастағы жасөспірімді үш жерден пышақтап кетті (ВИДЕО)
скриншот
1475

Желіде белгісіз ас астаналық ер адамның жасөспірімді пышақтап кеткен видеосы тарады. Аталмыш оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнежазбадан ер адамның өзінен бірнеше қадам алыста тұрған жасөспірімге атылғанын көруге болады. Сондай-ақ баланың анасы оқиға болған соң, 40 минуттан кейін келгенін айтты.

 Астана қаласының полициясының мәліметінше, баланы үш жерден пышақтаған.

«Сол жақта бел аймағындағы бүйрек орналасқан жер, жауырынның үстіңгі жағы, яғни оң иығы және оң қолының тамыр орналасқан жерін пышақпен жарақаттаған. Бұрын бірнеше рет сотталған, атап айтқанда 2001 жылғы 10 маусымда ҚК-нің 103, 178-бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған, 2007 жылғы 11 мамырда 130, 179, 120-баптары бойынша сотталған,2007 жылғы 11 мамырда ҚК-нің 130, 179, 120, 121-баптары бойынша 16 жылға бас бостандығынан айырылып, 2024 жылғы 9 ақпанда ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан шектелген Садуев С.О. мерзімін толықтай өтеген жоқ. 42 жастағы күдікті әлі пробациялық бақылауда. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталғанына және қазір пробациялық бақылауда болғанына қарамастан, тағы бір қылмыс жасады», – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары