606
Олимпиадада Өзбекстан құрамасының бапкерінің жүрегі тоқтап қалды: федерация мәлімдемесі
Федерация Қылышевтың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады
8 тамызда Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевтың жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлады Өзбекстан бокс федерациясы.
Федерация Қылышевтың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.
«Қазір Толқын Қылышевтың жағдайы қалыпты. Ол бірнеше медициналық тексерістен өтуі керек. Дегенмен, қауіптің беті сейілді. Бапкерімізге зор денсаулық тілеп, оның тезірек қатарымызға оралуын асыға күтеміз.
Жақында ол командаға оралып, оны жеңіске жетелейді деп сенеміз», - делінген хабарламада.