Алматыда мектеп бухгалтері 34 млн теңге жымқырған

Ол сот үкімімен 7 жылға шартты түрде сотталды.

Алматыда мектеп бухгалтері 34 млн теңге жымқырған
istockphoto.com
446

Алматының білім басқармасы мегаполис мектептерінің бірінде ақша ұрлау фактісін анықтап, материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігне сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне бюджеттік ақшаны ұрлау туралы істі ашуға көмектесті. 

«Мониторинг нәтижелері бойынша Алматы қаласының білім басқармасы осы жылдың наурыз айында «№5 мектеп гимназиясы» КММ-нің 11 қызметкерінің банктік карточкалық шоттарына 2023 жылдың сәуірі мен ақпан айы аралығында жалпы сомасы 34 271 330 теңгеге артық белгіленген жалақы нормасын есептеу және аудару заңнамасының нормаларын бұзу фактісін анықтады», - деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы. 

Іс материалдар негізінде ҚР ҚК 189-бабы бойынша мектептің бас бухгалтері А.И. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Сотта мектептің бас бухгалтері «№5 мектеп-гимназия» КММ-де нақты жұмыс істемейтін тұлғалардың карточкалық банктік шоттарына еңбек келісімдерімен белгіленген үстемеақыларды және жалақы ретінде бюджет қаражатын заңсыз есептеу және аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісін толық растады», - деп атап өтті ведомстводан. 

Сондай-ақ cотқа дейінгі және сот тергеуі барысында сотталушы мүліктік залалды толық көлемде – 38 060 353 теңгені өз еркімен өтеді.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Әуезов аудандық сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі үкімімен ол 7 жылға шартты түрде сотталды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселе еңбек демалысынан шыққаннан кейін шешілетін болады», - деп атап өтті басқармадан. 

Серіктес жаңалықтары