Ақтөбеде күрделі нейрохирургиялық оталар жасалды

/
Ақтөбеде күрделі нейрохирургиялық оталар жасалды

Ақтөбе облыстық көпбейінді ауруханасында жоғары технологиялық нейрохирургиялық оталар жасалды. 20-21 қараша күндері елордалық білікті мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сабағы аясында өңір дәрігерлері 10 науқасқа күрделі операция жасады.

Бүгінде елімізде инсульт пен эпилеп­сия секілді ауруларды емдеу денсаулық сақ­­тау саласындағы өзекті мәселелердің бі­рі болып отыр. Осы уақытқа дейін ми қан тамырлары мен орталық жүйке жүйе­сі­не аса күрделі ота жасату үшін ақтөбе­лік­­­тер Астана мен Алматыдағы респуб­ли­ка­лық медициналық орталықтарға барып, апта­лап, кейде айлап кезек күтуге мәжбүр бо­латын. Енді озық медициналық техно­ло­гиялардың өңірде де қолданыла бас­тауы еліміздің батысындағы науқастарға са­палы ем алуға мүмкіндік беріп отыр.

Астанадағы Ұлттық нейрохирургия ор­та­лығы мамандарының жетекшілігімен өткен шеберлік сабағы барысында Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсияны емдеу мақсатында кезбе жүйкені ынталандыру (VNS-терапия) отасы жасалды. Бұл зама­науи әдіс ұзақ жыл бойы дәрі-дәрмекпен ем­деуге көнбейтін эпилепсиядан зардап шегіп жүрген науқастардың ұстама жиі­лігін азайтып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар хирургтер инсульттен кейін­гі ауыр асқынулар мен ми қан та­мыр­­ларының тарылуын емдеу мақсатында да бірқатар күрделі ота жасады.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұр­лы­бек Хасановтың айтуынша, эпилепсиямен ауы­ратын ағасы отыз жылдан бері дәрі-дәр­мектің көмегіне сүйеніп келген. Ма­ман­­дардың бірлескен кеңесінен кейін оған нейростимулятор орнату туралы ше­­шім қабылданған. Екі сағатқа созылған күр­­делі ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағ­­­­­дайы тұрақты.

Дертіне шипа іздегендердің қатарында зей­неткер ұстаз, Семей ядролық сынақ по­­лигонының ардагері Әбдірахман Асан­ға­ли да бар. 2021 жылы инсульт алған қа­­­рия кейінгі кезде басы жиі ауырып, көзі қарауыта берген соң дәрігерлерге жүгінген. Отадан кейін ардагердің денсаулығы едәуір жақсарған.

Қан тамырына стент орнатылған Ыр­за Жұмағалиева да ота алдында қатты қо­­бал­жығанын айтады.

– Нейрохирургия бөлімінің қыз­мет­кер­лері өте жылы жүзді, мейірімді екен. Кү­ніне екі рет жағдайымызды сұрап, дәрі-дәр­мекті уақытылы қабылдауымызды қа­­дағалайды. Тамағы да, күтімі де көңі­лім­нен шықты. Басында отадан қорқып, тү­ні­мен ұйықтай алмап едім. Қазір бәрінің сәт­ті өткеніне шексіз қуаныштымын. Дәрі­­­герлерге алғысым зор, – дейді ол.

Ақтөбе облыстық көпбейінді ауруха­на­сының нейрохирургия бөлімінің мең­герушісі Руслан Қажығалиевтің айтуынша, екі күн ішінде жасалған он операцияның бар­лығы ойдағыдай өткен. Елордалық әріп­тестермен бірлескен бұл тәжірибе өңір­де күрделі нейрохирургиялық оталар­дың жаңа түрлерін жасауға жол ашты.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғаспақ. Атап айтқанда, 2027 жылы өңірге эпилептолог маман даяр­лау және тағы бес науқасқа нейрос­ти­мулятор орнату жоспарланып отыр. Ең бас­тысы, құны жоғары мұндай күрделі ота­лар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында нау­қас­тарға тегін жасалады.

Ж.КӨПЖАНОВА
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары