Ақтаулық әйел әткеншек тепкен баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)

Аймақтық полиция департаменті бұл деректі растады.

Ақтаулық әйел әткеншек тепкен баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)
istockphoto.com
452

Желіде Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған белгісіз әйелдің видеосы тарады.

Желідегі видеода әйел әткеншекте отырған балаға келіп, оны ұрып-соға бастаған. Оқиға 20-шағынауданда болған.

Аймақтық полиция департаменті бұл деректі растады.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол қоғамдық орындарда қудалау фактісі бойынша жауапқа тартылды», – деді полиция.

Қылмыстық кодекстің 449-бабы-қоғамдық орындарда қудалау фактісінде жеке тұлғаларға ескерту жасауға не оларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (18 460 теңге) салу қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары